» » Gulsanam Mamazoitova - Саржайлау (qozoqcha)

Gulsanam Mamazoitova - Саржайлау (qozoqcha)


Жазира, жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге дариға,

Жер жетпеген Саржайлауым!

Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып,

Шөлдеп келем Саржайлауым.

Саумал бұлақ – балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың,

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған Саржайлауым. (x2)

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен,

Ұланыңмын, мен сенің

Қасыңда өтем Саржайлауым.

Басқаның жерұйығын неғылайын

Жерұйығы өзімнің,

Қасымда екен Саржайлауым.

Саумал бұлақ – балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың,

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған Саржайлауым. (x2)

Жадырап, жұтайыншы тау самалын

Осы еді ғой сағынып,

Аңсағаным Саржайлауым.

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым

Бәріңе арнап мен бүгін

ән саламын Саржайлауым.

Саумал бұлақ – балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың,

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған Саржайлауым. (x2+x2)